Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысына сәйкес, Нұра ауданы Құланөтпес ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Құланөтпес ауылдық округі Ақтүбек ауылындағы атауы жоқ көшеге "Сарыарқа" атауы берілсін.
2. Нұра ауданы Құланөтпес ауылдық округі Нығыман ауылындағы атауы жоқ көшеге "Астана" атауы берілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімінің міндеттерін атқарушысы |
А. Абенов |