Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындысына сәйкес, Пржевальское ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Пржевальское ауылының көшелері:
1) Озерная көшесі Жағалау көшесіне;
2) Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне;
3) Владимирская көшесі Болашақ көшесіне;
4) К. Маркс көшесі Жеңіс көшесіне;
5) Комсомольская көшесі Бірлік көшесіне;
6) Космонавтов көшесі Ғарышкерлер көшесіне;
7) Ленин көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
8) П. Лумумбу көшесі Ынтымақ көшесіне;
9) Целинная көшесі Ырыс көшесіне;
10) Шевченко көшесі Достық көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімінің міндеттерін атқарушысы |
Е. Абаев |