1. Қарағанды облысы, Шет ауданының Талды, Ақшоқы ауылдық округтерінде ауа райының күрт бұзылуына, қардың қалың түсуіне, жол қозғалысы болмауына және жергілікті тұрғындардың тіршілік әрекеті жағдайлары бұзылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары М. Мұхтаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шет ауданының әкімі | М. Жандәулетов |