Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысының Шет ауданы әкімінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 02 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қаңтарда № 4133 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысы, Шет ауданының Талды, Ақшоқы ауылдық округтерінде ауа райының күрт бұзылуына, қардың қалың түсуіне, жол қозғалысы болмауына және жергілікті тұрғындардың тіршілік әрекеті жағдайлары бұзылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Шет ауданы әкімінің орынбасары М. Мұхтаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шет ауданының әкімі М. Жандәулетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады