РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардығы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес, Шет ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тіркеу, 2018 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін ұйымдастырылсын.
2. Шет ауданының ауылдық округтер мен кент әкімдері ұландардың Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне комиссияға ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А.Әбілдинге жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Шет ауданыны әкімі | М. Жандаулетов |
КЕЛІСІЛДІ:
Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы |
Ш. Сарбаев |
"26" 12 2017 жыл