Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы XXХ сессиясының № 30/203 "Приозерск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2559 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінің 2014 жылғы 21 наурыздағы № 12/345 және 2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы XXХIX сессиясының № 39/281 "Приозерск қалалық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2928 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 05/390 және 2015 жылғы 5 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) енгізілген Приозерск қалалық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Бейскеев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сәрсембеков |