"Приозерск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 30/203 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы ХV сессиясының № 15/141 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қазанда № 4418 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

       Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы XXХ сессиясының № 30/203 "Приозерск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2559 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінің 2014 жылғы 21 наурыздағы № 12/345 және 2014 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы XXХIX сессиясының № 39/281 "Приозерск қалалық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2928 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 05/390 және 2015 жылғы 5 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) енгізілген Приозерск қалалық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Бейскеев
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Сәрсембеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады