"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 4 қорытындысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласының Ақжарма ауылы "Баймұрат батыр" ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 11-сессиясының төрағасы |
И. Шағыртаев |
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
Н. Байқадамов |