Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 06.02.2020 № 163 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Оралман мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5127 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2015 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Оралман мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
10-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
2) Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды тіркейді, құжаттар топтамасы толық ұсынылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді немесе көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді (жиырма минуттан аспайды);".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |