Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 28.08.2020 № 94 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша субсидиялар көлемдері белгіленсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 498 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5555 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 19 шілдеде жарияланған);
2) "Аудандар бойынша субсидиялар көлемдерін (басым дақылдардың егістік алаңдарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 498 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 581 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5610 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылы 8 қазанда жарияланған).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің | |
2017 жылғы "22" маусымдағы | |
№ 816 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысы бойынша субсидиялар көлемдері
Аудан (қала) атауы | Барлық субсидия көлемдері, мың теңге | Оның ішінде күрішке, мың теңге |
Жаңақорған | 281 447,5 | 139 500,0 |
Шиелі | 291 395,2 | 198 000,0 |
Сырдария | 373 263,5 | 313 200,0 |
Жалағаш | 414 625,0 | 325 800,0 |
Қармақшы | 334 839,0 | 255 690,0 |
Қазалы | 190 710,5 | 122 400,0 |
Арал | 1 637,0 | 0,0 |
Қызылорда қаласы | 112 082,3 | 55 836,0 |
Барлығы | 2 000 000,0 | 1 410 426,0 |