Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 05.02.2019 № 1318 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 782 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4842 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде:
"4. Жалағаш ауданы" бөлімінде реттік нөмірлері жиырма төртінші, жиырма алтыншы жолдары алынып тасталсын;
"6. Қызылорда қаласы" бөлімінде реттік нөмірі төртінші жолы алынып тасталсын;
"7. Шиелі ауданы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші жолдармен толықтырылсын:
35) | Сарыкөл | |
36) | Сарыкөл 2 | |
37) | Әсеткөл | |
38) | Қалғандария | |
39) | Жанаткөл | |
40) | Ортақкөл | |
41) | Ақтайкөл | |
42) | Иіркөл | |
43) | Құмкөл | |
44) | Соркөл |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |