"Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 782 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1006 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 6127 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 1318 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 05.02.2019 № 1318 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 782 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4842 нөмірімен тіркелген, "Кызылординские вести" және "Сыр бойы" газеттерінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесінде:

      "4. Жалағаш ауданы" бөлімінде реттік нөмірлері жиырма төртінші, жиырма алтыншы жолдары алынып тасталсын;

      "6. Қызылорда қаласы" бөлімінде реттік нөмірі төртінші жолы алынып тасталсын;

      "7. Шиелі ауданы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші жолдармен толықтырылсын:

35)

Сарыкөл


36)

Сарыкөл 2


37)

Әсеткөл


38)

Қалғандария


39)

Жанаткөл


40)

Ортақкөл


41)

Ақтайкөл


42)

Иіркөл


43)

Құмкөл


44)

Соркөл


      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады