Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 08.06.2018 № 16326/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджеттік төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
2. "Жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 48/2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5171 болып тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2015 жылы 21 қазанындағы № 82-83 (1199-1200) және "Кызылорда Таймс" газетінің 2015 жылы 21-27 қазанындағы № 42 (1297) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.