Жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
Күшін жойғанҚызылорда қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 48/2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 қазанда № 5171 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 77-12/4 шешімімен
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз