"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 4952/1 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5421 тіркелген, "Ақмешiт ақшамы" газетiнде 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 33-34, "Кызылорда таймс" газетінде 2016 жылғы 20-26 сәуірдегі № 18 (1322), "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |