Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 4952/1 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 наурызда № 5421 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 7753 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 22.05.2017 № 7753 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары К.Ансатбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы
      ____________ И.Құттықожаев
      19 ақпан 2016 жыл

  Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 4952/1 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарын қоспағанда;
      2) құрылымдық бөлімшелер бөлімшесінің басшысы;
      3) дәрiхана (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушiсi;
      4) мамандар оның iшiнде: барлық мамандықтағы дәрiгерлер, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, тiс дәрiгерi (дантист), тiс технигi (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стаматолог дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер.
      2. Әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарын қоспағанда;
      2) құрылымдық бөлімше меңгерушісі;
      3) мамандар, оның iшiнде: жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант, медициналық – әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөніндегі ұйымның маманы, сарапшы, арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау және айқындау жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневралогиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      3. Бiлiм беру саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарын қоспағанда;
      2) мамандар, оның iшiнде барлық мамандықтағы мұғалiмдер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, ұйымдастырушы – педагог, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекші (негізі қызметтер), аккомпаниатор (негізі қызметтер), тәрбиеші (интернат), кiтапханашы, диеталық мейіргер, мейіргер, әдiстемешi, лектор-музыкатанушы, психолог, хореограф, хормейстер.
      4. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарын қоспағанда;
      2) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын көркемдiк жетекшiсі, бас: редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші;
      3) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын тобының, бөлімінің басшысы;
      4) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын әдеби-драмалық бөлім, режиссерлық, музыкалық бөлім, көркемдік қойылым бөлімі, концерттік зал, әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы) және сектор басшысы;
      5) Мәдениет, мәдениет және өнер саласындағы мамандар, оның ішінде аккомпаниатор, аккомпаниатор – концертмейстер, барлық атаудағы әртістері, музейлер қорын есепке алу архивисті, археограф (негізгі қызметтер), балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер), кинорежиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), лектор – музыкатанушы, мастер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, палеограф, режиссер, қоюшы-режиссер, вокал, балет бойынша репетитор, хормейстер, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), экскурсовод, аспаптарды реттеуші – күйіне келтіруші;
      6) Тілдерді дамыту саласындағы мамандар, оның ішінде қазақ, орыс, ағылшын тілдер мұғалімі;
      7) Архив ісі және құжаттама саласындағы мамандар, оның ішінде архивист, археограф, палеограф;
      8) Дін қызметі саласындағы мамандар, оның ішінде дінтанушы;
      5. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарын қоспағанда;
      2) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлiм басшысы;
      3) мамандар, оның iшiнде: жаттықтырушы, нұсқаушы-спортшы,
      6. Ветеринария саласындағы мамандар лауазымдары:
      1) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы, орынбасары, экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша басшы орынбасарын қоспағанда;
      2) Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын ветеринарлық станцияның басшысы;
      3) мамандар, онын iшiнде; ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық фельдшер, жануарларды қолдан ұрықтандыру жөніндегі техник.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады