"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Арал ауданы Қосаман ауылдық округі Ақеспе ауылының шекарасы (шегі) Арал ауданының әкімшілік аумағы жерлерінен жалпы алаңы 594 гектар жерлерді қосу арқылы жалпы алаңы 614 гектар болып өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | М. Оразбаев |
Арал аудандық мәслихатының кезекті 18-сессиясының төрағасы |
Т.Бисембаев |
Арал аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Мадинов |
Арал ауданды әкімдігінің 2017 жылғы "8"қарашадағы №188-қ қаулысына Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы "8"қарашадағы №104 шешіміне қосымша |
Арал ауданы Қосаман ауылдық округі, Ақеспе ауылының шекарасына (шегіне) Арал ауданының әкімшілік аумағы жерлерінен қосылатын жерлердің экспликациясы
№ | Жерлердің атауы | Жалпы көлемі, гектар | оның ішінде: | |||||
Ауыл шаруашылығы алқаптар | Жолдар мен соқпақтар | Құрылыстар астында | Бүлінген жерлер | Басқа жерлер | ||||
барлығы | оның ішінде жайылымдар | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. | Ақеспе ауылына бекітілген жерлер(1992ж.) | 3850 | 3809 | 3809 | 10 | - | - | 31 |
2. | Ақеспе ауылының нақты шегі(1992ж.) | 20 | - | - | - | - | - | - |
3. | Ақеспе ауылының бекітілуге ұсынылған шегі | 614 | 596 | 596 | 3 | 4 | - | 11 |