"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Қармақшы ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 69 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5837 болып тіркелген, 2017 жылы 18 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | С. Мақашов |