"Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Қармақшы ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы №69 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 70 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 маусымда № 5863 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Қармақшы ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 69 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5837 болып тіркелген, 2017 жылы 18 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады