Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қарашадағы № 591 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қарашадағы № 6018 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 993 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 09.08.2019 № 993 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қармақшы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов
      “КЕЛІСІЛДІ”
“ Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қызылорда
облысының ішкі істер департаменті
Қармақшы ауданының ішкі істер бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________Е. Ахметов
"26" қазан 2017 жыл

  Қармақшы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы “31” қазандағы № 591 қаулысына қосымша

Қармақшы ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қармақшы ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға “Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының iшкi iстер департаментi Қармақшы ауданының ішкі істер бөлімі” мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Ішкі істер бөлімі) енгiзедi.

      4. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, қосымша ішкі істер бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын ішкі істер бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      8. 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      9. Ішкі істер бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

     

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Постановление Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 31 октября 2017 года № 591. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 10 ноября 2017 года № 6018. Утратило силу постановлением Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 9 августа 2019 года № 993

      Сноска. Утратило силу постановлением Кармакшинского районного акимата Кызылординской области от 09.08.2019 № 993 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года “Об участии граждан в обеспечении общественного порядка” акимат Кармакшинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кармакшинском районе, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кармакшинского района А.Кошалакова

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Аким Кармакшинского района С. Макашов
     
      “СОГЛАСОВАНО”
Начальник государственного учреждения
“Отдел внутренних дел Кармакшинского
района Департамента внутренних дел
Кызылординской области Министерства
внутренних дел Республики Казахстан”
________________Е. Ахметов
"26" октября 2017 года

  Приложение к постановлению акимата Кармакшинского района от "31" октября 2017 года № 591

Виды и порядок поощрений, а также размер денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в Кармакшинском районе

1. Виды поощрения

      1. Видами поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка являются:

      1) объявление благодарности;

      2) награждение грамотой;

      3) выдача денежной премии.

2. Порядок поощрения

      2. Вопросы поощрения граждан, участвующих в охране общественного порядка рассматриваются районной комиссией по поощрению граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка (далее – Комиссия) создающиеся акиматом Кармакшинского района.

      3. Представление о поощрении граждан, принимающих активное участие в охране общественного порядка, вносится на рассмотрение Комиссии государственным учреждением “Отдел внутренних дел Кармакшинского района департамента внутренних дел Кызылординской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан” (далее – Отдел внутренних дел).

      4. Основанием для поощрения является решение, принимаемое Комиссией.

      5. Для выплаты денежного вознаграждения дополнительно издается приказ начальника отдела внутренних дел согласно решению, принятому Комиссией.

      6. Виды поощрения, в том числе размер денежного вознаграждения, устанавливается Комиссией с учетом внесенного поощряемым вклада в обеспечение общественного порядка.

      7. Меры поощрения гражданам, участвующих в охране общественного порядка осуществляется отделом внутренних дел в торжественной обстановке.

3. Размер денежного вознаграждения

      8. Денежное вознаграждение в размере, не превышающем 10-кратного месячного расчетного показателя.

      9. Выплата денежного вознаграждения производится отделом внутренних дел за счет средств областного бюджета.