“Қазақстан Республикасының Жер кодексі” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 8, 11-баптарына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 27.06.2018 № 24-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Жалағаш кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Жалағаш кентіндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. “Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-7 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5570 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 08 тамызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде және 2016 жылғы 09 тамызда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық | Жалағаш аудандық |
мәслихатының 10-сессиясының | мәслихатының |
төрағасы | хатшысы |
К.МУСТАФАЕВА | М.ЕСПАНОВ |
2017 жылғы “17” наурыздағы № 10-7 Жалағаш аудандық мәслихатының шешiмiне 1-қосымша |
Жалағаш кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
2017 жылғы “17” наурыздағы № 10-7 Жалағаш аудандық мәслихатының шешiмiне 2-қосымша |
Жалағаш кентіндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақ нөмірі | Түзету коэффициенттерi | Жер-кадастрлық нөмірі және аймақтардың сипаттамасы | Аймақ ауданы, гектар |
I | 2,0 | (001,002,003 кварталдары) | 435,7 |
Аймақ кент орталығында орналасқан. Жерлерді аймақтарға бөлу жобасында (схемасында) сары түспен белгіленген. Батыс жағынан ІІ аймақтың екінші бөлігінің шекарасымен, “Елтай” каналымен және Кенжебай Рахимов көшесімен шектеледі. Солтүстік жағынан Нығмет Мырзалиев көшесімен шектеледі. Солтүстік-шығыс жағынан “Қисық арық” каналымен шектеледі. Оңтүстік-шығыс жағынан темір жолмен және Жалағаш кентінің шекарасымен шектеледі. Шығыс жағынан Өмірзақ Тұңғышбаев көшесімен шектеледі. Оңтүстік жағынан темір жолмен шектеледі. | |||
II | 1,5 | (001,002,003,004 кварталдары) | 275,9 |
Аймақ үш бөліктен тұрады. Жерлерді аймақтарға бөлу жобасында (схемасында) жасыл түспен белгіленген. | |||
III | 1,0 | (001,002,003,004 кварталдары) | 293,79 |
Аймақ екі бөліктен тұрады. Жерлерді аймақтарға бөлу жобасында (схемасында) қызыл түспен белгіленген. | |||
IV | 0,7 |
Аймақ төрт бөліктен тұрады. Жерлерді аймақтарға бөлу жобасында (схемасында) қоңыр түспен белгіленген. | 430,3 |