Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір Нормативтік құқықтық шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 24-2 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 6375 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалағаш аудандық мәслихатының келесі нормативтік құқықтық шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:

      1) “Жалағаш ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 4-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5571 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде және 2016 жылғы 09 тамызда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған):

      шешімнің кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      “Қазақстан Республикасының Жер кодексі” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 8, 11-баптарына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:”;

      2) “Жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы” Жалағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 10-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5811 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 05 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде және 2017 жылғы 13 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған):

      шешімнің кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      “Қазақстан Республикасының Жер кодексі” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 8, 11-баптарына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:”.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш аудандық
      мәслихатының 24-сессиясының төрағасы А. КИПШАКБАЕВ
      Жалағаш аудандық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы К. СУЛЕЙМЕНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады