“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Сайлау учаскелерін құру туралы” Жалағаш ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4893 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2015 жылғы 11 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев |
“КЕЛІСІЛДІ” Жалағаш аудандық сайлау комиссиясының төрағасы _____________ С.Әлиев 28 тамыз 2017 жыл |