“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Аққыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Мал жаятын орындарды айқындау туралы” Аққыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 9 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5626 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 тамызда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2016 жылғы 27 қазанда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққыр ауылдық округі әкімі | Ж. Матаев |