“Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 1) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаракеткен ауылының Қаракөл көлінің аумағындағы 152 гектар, Қараөзек көлінің аумағындағы 618 гектар, Томаркөл көлінің аумағындағы 1102 гектар, Сарытөбе учаскесіндегі 300 гектар және Далдабай ауылының Сырдария өзенінің аумағындағы 383 гектар, Томаркөл көлінің аумағындағы 451 гектар мал жаятын орындар болып айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаракеткен ауылдық | |
округінің әкімі | Қ. Өлментай |