Мал жаятын орындарды айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 1 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 ақпанда № 5736 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылдық округі әкімінің 13.04.2017 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 1) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қаракеткен ауылының Қаракөл көлінің аумағындағы 152 гектар, Қараөзек көлінің аумағындағы 618 гектар, Томаркөл көлінің аумағындағы 1102 гектар, Сарытөбе учаскесіндегі 300 гектар және Далдабай ауылының Сырдария өзенінің аумағындағы 383 гектар, Томаркөл көлінің аумағындағы 451 гектар мал жаятын орындар болып айқындалсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қаракеткен ауылдық
      округінің әкімі Қ. Өлментай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады