"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес М.Шәменов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Мал жаятын орындарды айқындау туралы” М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5682 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және "Жалағаш жаршысы" газетінде 2017 жылы 7 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
М.Шәменов атындағы ауылдық | |
округінің әкімі | Ғ. Сүлейменов |