“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жаңадария ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. “Мал жаятын орындарды айқындау туралы” Жаңадария ауылдық округі әкімінінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 1 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5721 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 ақпанда "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған және 2017 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңадария ауылдық | |
округі әкімі | Р.Ақпанбетов |