Мал жаятын орындарды айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 1 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 5721 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округі әкімінің 15.05.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Жаңадария ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңадария ауылдық округіндегі Қошқарбаз учаскесінде 714 гектар, Бестам учаскесінде 922 гектар, Құмбөгет учаскесінде 833 гектар және Атжайған учаскесінде 970 гектар мал жаятын орындар болып айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңадария ауылдық округі әкімі Р.Ақпанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады