"Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 296 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қыркүйекте № 5966 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 1 қаулысымен

      Ескерту. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 09.09.2020 № 1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ. Әміреев

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "07" қыркүйектегі №296 қаулысымен бекітілген № 1 қосымша

"Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметтiк куәлiгін беру Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметтiк куәлiгін беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрі Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты) қызметтiк куәлiктерін беру тәртiбiн айқындайды.

      2. Мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк куәлiгi (бұдан әрi – қызметтiк куәлiк) оның мемлекеттiк лауазымы мен лауазымдық өкiлеттiктерiн растайтын құжат болып табылады.

      3. Тиiсiнше ресiмделмеген, жарамдылық мерзiмi өткен, түзетiлген және тазартылған қызметтік куәлiк жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтiк куәлiктi беру тәртiбi

      4. Қызметтiк куәлiк Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты "Б" корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне (бұдан әрі-қызметшілер) Жаңақорған ауданы әкімінің қолы қойылып, беріледі.

      5. Қызметтiк куәлiк қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейiн берiлген куәлiктiң мерзiмi өткен, жоғалған, немесе бүлiнген жағдайда берiледi.

      6. Қызметшілер қызметтiк куәлiкті алу барысында осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының қызметшілеріне қызметтiк куәлiкті берудi есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі - есепке алу журналы).

      7. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы персоналды басқару қызметiнiң міндетін атқару жүктелген тұлғаның (бұдан әрі кадр қызметі) сейфiнде сақталады.

      Қызметкерлер жаңа қызметтік куәлік ресімдеу және алу үшін өздерінің 2,5х3,5 сантиметр көлемдегі 2 дана түрлі түсті фотосуретін персоналды басқару қызметіне тапсырады. Бір фотосурет қызметтік куәлікке жапсырылады, екінші фотосурет есепке алу журналына жапсырылады.

      Мемлекеттiк қызметке алғаш қабылданған мемлекеттiк қызметшiге қызметтiк куәлiктi тапсырған кезде оны пайдалану және оны сақтау тәртiбi бойынша түсiндiру жүргiзiледi.

      8. Қызметтiк куәлiктi ауыстыру кезiнде бұрын берiлген қызметтiк куәлiкті жоғалту жағдайын қоспағанда, кадр қызметiне қайтарылуға жатады.

      9. Қызметтік куәлігі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, қызметші дереу кадр қызметіне жазбаша (еркін нысанда) хабарлайды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама орналастырады.     

      10. Кадр қызметі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметтiк куәлiктердiң есептiк деректерге сәйкестiгiне салыстырып тексеру жүргiзедi.

      11. Қызметтiк куәлiктерді толтыру, ресiмдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртiбiн жалпы бақылауды кадр қызметі жүзеге асырады.

      12. Қызметтiк куәлiктi жоғалтудың, бүлдiрудiң, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудiң немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбiр фактiсi бойынша кадр қызметі қызметтік тексеру туралы бұйрық шыққан күннен бастап он күнтізбелік мерзімде қызметтiк тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша аудан әкімі аппаратының тәртiптiк комиссиясы кiнәлiлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi қарайды.

      Жоғалған қызметтiк куәлiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады. Бұл туралы кадр қызметі хабардар етіледі.

      13. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтiк куәлiктi қызметтiк тексеру жүргiзiлгеннен кейiн кадр қызметі бередi.

      14. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтiк куәлiктi кадр қызметіне тапсырады.

      15 Куәлікті тапсырған кезде кету қағазына қызметтік куәлікті беруге жауапты адамның қолы қойылады.

      16. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлiнген кезде тапсырған қызметтiк куәлiктер еркiн нысандағы тиiстi жою туралы акт жасала отырып, бiр жылда бiр рет жойылуға жатады.

  "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларына қосымша

"Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметтiк куәлiгін берудi есепке алу журналы

Фо тосурет

Қызметтiк куәлiктiң нөмiрi

Тегi, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берiлген күнi

Алғаны жөнiнде жеке қолы

Қызметтiк куәлiктi ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруi, мерзiмiнiң өтуi, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгi

Қызметтiк куәлiктi жою (актiнiң нөмiрi мен күнi)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Ескертпе: есепке алу журналы тiгiлiп, нөмiрленiп, кадр қызметі қызметкерінің қолымен және мөрмен расталады.

  Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "07" қыркүйектегі №296 қаулысымен бекітілген № 2 қосымша

"Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметтiк куәлiгінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәлiктiң мұқабасы көк түсті, ішбетінің көлемi
6,2х8,8 сантиметр, экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болады.

      2. Қызметтік куәлiктiң сыртқы бетiнiң ортасында алтын түстi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесi орналасқан, одан төмен "КУӘЛIК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қарiппен жазба жазылады.

      3. Қызметтік куәлiктiң iшкi бөлігі ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып, көк түсті қорғаныштық тангир бейнеленген.

      4. Жоғарғы бөлігінде сол жағында "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, оң жағында коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Жанакорганского района" деген жазулар орналасқан.

      5. Сол жағында: көлемі 2,5х3,5 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі түсті), қызметтік куәліктің нөмері, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тиісті басшының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған - қазақ тіліндегі мәтін.

      6. Оң жағында: көлемі 2,5х3,5 сантиметр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, оның төменгі жағында көк түсті "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу. Ортасында қызметтік куәліктің нөмірі, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы - орыс тіліндегі мәтін.

      Төменгі жағында қызметтік куәліктің берілген күні және жарамдылық мерзімі (үш жыл мерзімге беріледі) - орыс тіліндегі мәтін көрсетіледі.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жанакорганского района" и его описания

Постановление Жанакорганского районного акимата Кызылординской области от 7 сентября 2017 года № 296. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 14 сентября 2017 года за № 5966. Утратило силу постановлением Жанакорганского районного акимата Кызылординской области от 9 сентября 2020 года № 1

      Сноска. Утратило силу постановлением Жанакорганского районного акимата Кызылординской области от 09.09.2020 № 1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", акимат Жанакорганского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Правила выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жанакорганского района" согласно приложению № 1 к настоящему постановлению.

      2. Утвердить описание служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жанакорганского района" согласно приложению № 2 к настоящему постановлению.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Жанакорганского района".

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Жанакорганского района Ғ. Әміреев

  Приложение №1 Утверждены постановлением акимата Жакорганского района от "07" сентября 2017 года № 296

Правила выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жанакорганского района"

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жанакорганского района" (далее – Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жанакорганского района" (далее аппарат акима Жанакорганского района).

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.

      3. Служебное удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      4. Служебное удостоверение выдается за подписью акима Жанакорганского района административным государственным служащим (далее-служащие) корпуса "Б" аппарата акима Жанакорганского района.

      5. Служебные удостоверения выдаются сотрудникам при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порчи выданного удостоверения.

      6. При получении служебное удостоверения служащие расписываются в журнале учета выдачи служебного удостоверения аппарат акима Жанакорганского района (далее – журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      7. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе лица, на которого возложно испольнение обьязанностей службы управления персоналом (далее-кадровая служба).

      Сотрудники для оформления и получения нового служебного удостоверения сдают в службу управления персоналом две свои цветные фотографии размером 2,5х3,5 сантиметр. Одна фотография вклеивается в служебное удостоверение, вторая фотография вклеивается в журнал учета.

      При вручении служебного удостоверения служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядке его хранения.

      8. При замене служебного удостоверения за исключением случаев утери, ранее выданное служебное удостоверение подлежит возврату в кадровую службу.

      9. В случае утраты или порчи своего служебного удостоверения служащий незамедлительно извещает в письменной (в произвольной форме) кадровую службу и размещает объявление в местных средствах массовой информации.

      10. Ежегодно, по состоянию на 1 января, кадровой службой проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.

      11. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляется кадровой службой.

      12. По каждому факту утери, порчи служебного удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению кадровая служба в течение десяти календарных дней со дня издания приказа о проведении служебного расследования проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия аппарата акима района рассматривает вопрос о привлечении виновных к дисциплинарной ответственности.

      13. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными. О чем информируется кадровая служба.

      Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается кадровой службы после проведения служебного расследования.

      14. При увольнении служащий сдает служебное удостоверение в кадровую службу.

      15. На обходном листе при сдаче служебного удостоверения ставится подпись лица, ответственного за его выдачу.

      16. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение к Правилам выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жанакорганского района"

Журнал учета выдачи служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жанакорганского района"

Фотография

Номер служебного удостоверения

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Примечание: журнал учета прошнуровывается, пронумеровывается, заверяется подписью работника кадровой службы и печатью.

  Приложение №2 Утвержден постановлением акимата Жакорганского района от "07" сентября 2017 года № 296

Описание служебного удостоверения коммунального государственного учреждения "Аппарат акима Жанакорганского района"

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества синего цвета, вкладыш размером 6,2 х 8,8 сантиметров.

      2. На лицевой стороне служебного удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ".

      3. На внутренней стороне служебного удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир синего цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге.

      4. В верхней части размещены надписи на левой стороне "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, на правой стороне Коммунальное Государственное учреждения "Аппарат акима Жанакорганского района".

      5. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 2,5 х 3,5 сантиметров, номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество, должность сотрудника, текст на казахском языке, заверенный подписью соответствующим руководителем и гербовой печатью.

      6. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан размером 2,5 х 3,5 сантиметров, ниже надпись синего цвета "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН". В середине номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество, должность сотрудника, текст на русском языке.

      Ниже указывается дата выдачи и срок действия служебного удостоверения (выдается сроком на три года), текст на русском языке.