"Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 1 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 7646 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 296 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5966 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рустемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады