"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің келесі көшелеріне:
1). "Н.Ильялетдинов" көшесімен қиылысатын 3-ші көшеге "Батырхан Сейтовтің" есімі;
2). "Ипподром-14 көшесіне "Иван Цойдың" есімі;
3). "Н.Ильялетдинов" көшесімен қиылысатын 1-ші көшеге "Іргебай Сейтеновтің" есімі;
4). "Саяжай -7" көшесіне "Тобат Құлымбетовтің" есімі;
5). "Саяжай-9" көшесіне "Әбдісұлтан Ержігітовтің" есімі;
6). "Саяжай-11" көшесіне "Желкілдек Батыр Бөлтекұлының" есімі;
7). "Алтыкрант-1" көшесіне "Күлсін Бакированың" есімі;
8). "Достық" көшесің 2-і қиылысындағы (бұрылысындағы) көшеге "Садық (Сыздық) Ахметовтің" есімі;
9). "Қорғантоғай-1" көшесіне "Қалдарбек Әшіровтің" есімі;
10). "Май бекеті -6" көшесіне "Құдабай Наурызбаевтың" есімі;
11). "Май бекеті-10" көшесіне "Пархат Әлжанұлы Орғараевтың" есімі;
12). "Саяжай-2"көшесіне "Жамал Құлымбетовтің" есімі берілсін.
2. Шешім алғашқы ресми жаряланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған кентінің әкімі | А. Ахметов |