Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті әкімінің 2017 жылғы 18 шілдеде N 303 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 тамызда N 5922 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің келесі көшелеріне:

      1). "Н.Ильялетдинов" көшесімен қиылысатын 3-ші көшеге "Батырхан Сейтовтің" есімі;

      2). "Ипподром-14 көшесіне "Иван Цойдың" есімі;

      3). "Н.Ильялетдинов" көшесімен қиылысатын 1-ші көшеге "Іргебай Сейтеновтің" есімі;

      4). "Саяжай -7" көшесіне "Тобат Құлымбетовтің" есімі;

      5). "Саяжай-9" көшесіне "Әбдісұлтан Ержігітовтің" есімі;

      6). "Саяжай-11" көшесіне "Желкілдек Батыр Бөлтекұлының" есімі;

      7). "Алтыкрант-1" көшесіне "Күлсін Бакированың" есімі;

      8). "Достық" көшесің 2-і қиылысындағы (бұрылысындағы) көшеге "Садық (Сыздық) Ахметовтің" есімі;

      9). "Қорғантоғай-1" көшесіне "Қалдарбек Әшіровтің" есімі;

      10). "Май бекеті -6" көшесіне "Құдабай Наурызбаевтың" есімі;

      11). "Май бекеті-10" көшесіне "Пархат Әлжанұлы Орғараевтың" есімі;

      12). "Саяжай-2"көшесіне "Жамал Құлымбетовтің" есімі берілсін.

      2. Шешім алғашқы ресми жаряланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған кентінің әкімі А. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады