"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қорытындысына сәйкес Қожакент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қожакент ауылдық округінің Қожакент ауылының мына көшелері:
1) "Нартай Бекежанов" көшесі "Ергеш Үсенов" есімімен;
2) "Жаңажол" көшесі "Смайыл Жұмаділлаев" есімімен қайта аталсын.
2. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қожакент ауылдық | |
округінің әкімі | Ә. Айтжанов |