Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 04 қаңтардағы N 57 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда N 5700 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қорытындысына сәйкес Қожакент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қожакент ауылдық округінің Қожакент ауылының мына көшелері:

      1) "Нартай Бекежанов" көшесі "Ергеш Үсенов" есімімен;

      2) "Жаңажол" көшесі "Смайыл Жұмаділлаев" есімімен қайта аталсын.

      2. Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қожакент ауылдық
      округінің әкімі Ә. Айтжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады