"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Сырдария ауданы әкімінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5903 болып тіркелген, 2017 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Қазантаев |