Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімінің 04.09.2017 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес Сырдария ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округіне қарасты Қызылорда-Құмкөл трассасы бойындағы 27-42 шақырым аралығындағы мемлекеттік жер қорындағы алқаптардың саяқ шегіртке зиянкестерімен зақымдануына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Б.Лекеров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Лекеров |