"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шиелі ауданы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Шиелі ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 45 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5836 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2017 жылғы 20 мамырда "Өскен өңір" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Т. Жағыпбаров |