“Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі – "Халық Қаһарманы" атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға әлеуметтік қолдау үшін ай сайын - 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеңілдік берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.