Жеңілдік беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 қарашадағы № 15/6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 қарашада № 6043 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі – "Халық Қаһарманы" атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға әлеуметтік қолдау үшін ай сайын - 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеңілдік берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы М.Дүйсенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Сыздық
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Шиелі аудандық жұмыспен
қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін
тіркеу бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
И.Байкенжеев ________________
07 қараша 2017 жыл.
      "Шиелі аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
М.Шоханов ___________________
07 қараша 2017 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады