Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Ақтау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтау қаласы әкімінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 4 "Ақтау қаласы әкімінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 173 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2629 болып тіркелген, 2015 жылдың 19 наурызындағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қ. Туретаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Қ.С.Берішбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Трұмов |