Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 22.11.2017 № 762 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 230 "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10966 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Бекова) осы қаулының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 377 "Жаңаөзен қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-2-167 болып тіркелген, "Жаңаөзен" газетінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 33 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е. Әбілов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Тұрақов
"27" наурыз 2017 жыл
"Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
І. Орынбеков
"27" наурыз 2017 жыл
"Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж. Бекова
"27" наурыз 2017 жыл
"Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н. Мұстафаев
"27" наурыз 2017 жыл
"Жаңаөзен қалалық сәулет және қала
құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б. Жолдыев
"27" наурыз 2017 жыл
Жаңаөзен қаласы бойынша тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасының басшысы
А. Шаров
"27" наурыз 2017 жыл
Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының
басшысы
А. Досжанов
"27" наурыз 2017 жыл
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің | |
2017 жылғы "27" наурыз №139 | |
қаулысына қосымша |
Жаңаөзен қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Сауда орындарының орналасқан жері | Сауда орындарының түрі | Сауда орындарының саны |
1 | "Өркен" шағынауданындағы "Сәнді" дүкенінің жаны | Сауда шатырлардан | 2 |
2 | "Көктем" шағынауданындағы №58 үйдің жаны | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 2 |
3 | "Көктем" шағынауданындағы №22 және №32 үйлер аралығындағы алаң | Сауда шатырлардан | 2 |
4 | "Самал" шағынауданындағы №31 және №32 үйлерінің арты | Сауда шатырлардан | 2 |
5 | "Шаңырақ" шағынауданындағы №22 үйдің алды | Сауда шатырлардан | 2 |
6 | "Шұғыла" шағынауданындағы №34 үй мен №2 мектеп аралығындағы алаң | Сауда шатырлардан | 2 |
7 | "3А" шағынауданындағы №6 үйдің жаны | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 2 |
8 | "Арай" шағынауданындағы Ж. Қалдығараев көшесі мен орталық көше қиылысы | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 2 |
9 | "Астана" шағынауданындағы Ақтау және Қашаған көшелерінің қиылысы | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 2 |
10 | "Бостандық" шағынауданындағы Ш. Қожаев көшесінің бойы | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 2 |
11 | "Мамыр" шағынауданындағы Жаманқара Иса көшесінің бойы | Сауда шатырлардан | 2 |
12 | Тенге ауылының Достық даңғылы көшесінің бойындағы "Мерей" дүкенінің жаны | Сауда шатырлардан | 5 |
13 | Тенге ауылының Ө.Ноятұлы көшесінінің бойындағы №11 балабақша алды | Сауда шатырлардан | 3 |
14 | Тенге ауылының Т. Айбергенов көшесінің бойындағы Амбулатория ғимаратының жаны (сол жақ) | Сауда шатырлардан | 3 |
15 | Рахат аулының Шоғы Батыр мен Айдаров көшелерінің қиылысы (сол жақ) | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 5 |
16 | Рахат ауылының Шоғы Батыр мен Айдаров көшелерінің қиылысы (оң жақ) | Автодүкендерден және сауда шатырлардан | 5 |