Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 18.08.2023 № 5/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/116 "Бейнеу селосының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2324 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"Бейнеу ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Бейнеу ауылының әкімімен әзірленген Бейнеу ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Бейнеу ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Бейнеу селосының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т.Жақсылықова |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Ұлұқбанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бейнеу ауыл әкімінің
уақытша міндетін атқарушы
С.Қалдығараев
"5" шілде 2017 жыл
Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 шілдедегі №14/118 шешіміне қосымша | |
Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/116 шешімімен бекітілген |
Бейнеу ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді және Бейнеу ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Бейнеу ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (одан әрі –Бөлек жиын) Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиынын өткізудің жалпы қағидаттары
3. Бейнеу ауылының ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
4. Қазақстан Республикасының азаматының Бейнеу ауылындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің аумағындағы тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелу дерегі оның бөлек жиынға қатысуына негіз болып табылады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері бөлек жиынға жеке қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.
6. Бөлек жиынға кәмелетке толмағандар, сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
3. Бөлек жиынын шақыру және әзірлеу тәртібі
7. Бөлек жиынды Бейнеу ауылының әкiмі шақырады.
Аудан әкiмінің бөлек жиынды өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда оны өткізуге жол беріледі.
8. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Бейнеу ауылында өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
4. Бөлек жиынды өткізу және шешім қабылдау тәртібі
9. Ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Бейнеу ауылының әкiмі ұйымдастырады.
10. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарды және шақырылғандарды тіркеу жүргізіледі.
11. Бөлек жиын оған тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының кемінде он пайызы қатысқанда өтті деп есептеледі.
12. Бөлек жиынды Бейнеу ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берілген тұлға ашады.
Бейнеу ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамаларын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
13. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Бейнеу ауылы әкімінің аппаратына беріледі.
14. Бөлек жиынның шешімі, егер оған бөлек жиынға қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
5. Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің санын айқындау тәртібі
15. Бейнеу ауылының жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының өкілдерінің саны ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының бір пайызы негізінде анықталады.
16. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиынға қатысушылардың ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.