Бейнеу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 5/52 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 тамызда № 4592-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы А. Бораш

  Бейнеу аудандық мәслихатының
  2023 жылғы 18
  тамыздағы
  № 5/52 шешіміне қосымша

Бейнеу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/116 "Бейнеу селосының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2324 болып тіркелген).

      2. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/117 "Боранқұл селолық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2325 болып тіркелген).

      3. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/118 "Ақжігіт селолық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2326 болып тіркелген).

      4. Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 шілдедегі №14/118 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/116 "Бейнеу селосының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3398 болып тіркелген).

      5. Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 шілдедегі №14/119 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/117 "Боранқұл селолық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3397 болып тіркелген).

      6. Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 шілдедегі №14/120 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/118 "Ақжігіт селолық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3399 болып тіркелген).

      7. Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 ақпандағы №16/155 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/118 "Ақжігіт ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.

      8. Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 ақпандағы №16/156 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/116 "Бейнеу ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.

      9. Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 ақпандағы №16/157 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/117 "Боранқұл ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады