"Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 38 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 3288 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 03.04.2018 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

      2. Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 155 "Қарақия ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3070 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (А.Б.Таубаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б.Таубаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Дауылбаев

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 14 ақпандағы № 38
  қаулысымен бекітілген

"Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабының 5 тармағына сәйкес әзірленді және "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметші бағынатын тұлға болып табылады.

      Ауылдық округ, ауыл әкімдерінің және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының басшыларын бағалау аудан әкімімен не уәкілдік берілген оның орынбасарларының бірімен жүргізіледі.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қарақия ауданы әкімінің аппараты), аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу үшін, жұмыс органы Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия құрылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның мәжілісі, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан болса, өкілетті болып есептеледі.

      Бағалау жөніндегі комиссияның орнында болмаған төрағасын не мүшесін алмастыру бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру нәтижелері Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Қарақия ауданы әкімі аппаратында құрылған бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бағаланатын жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады.

      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада жасалады. Бір данасы Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөліміне беріледі. Екінші данасы "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

      Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды жүзеге асыратын тұлғаларды бағалау туралы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі баллдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электронды құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интернет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шкалаға сәйкес "+1"-ден "+5" баллға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Орындау тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Орындау тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде құжат айналымы қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігуі;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың қайнары ретінде персоналды басқару қызметі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және орындау тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісімен қол қойылады.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің қызметкерімен және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысымен еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасалады.

      26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейді:

     


     


      – тоқсандық баға;

      a – көтермелеу баллдары;

      в – айыппұл баллдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкіл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейін – "қанағаттанарлық", 106-дан 130 баллға дейін (қоса алғанда) – "тиімді", 130 баллдан астам – "өте жақсы".

5. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкіл бойынша қойылады:

      Жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштердің орындалмағаны үшін 2 балл қойылады;

      Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

      Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

      Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл.

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағы "Б" корпусының қызметшісімен расталады.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің қызметкері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысымен танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасалады.

      32. Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасы мына формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептелінеді:

     


     


      – жылдық баға;

     


      – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 28-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 баллдан төмен) – 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 баллға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 баллдан астам) – 5 балл;

     


      – жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 баллдан бастап 3,9 баллға дейін – "қанағаттанарлық; 4 баллдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

      36. Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің қызметкерімен танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасалады.

      37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, Қарақия ауданы әкімі аппаратына Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпарат Қарақия ауданы әкімі аппаратымен екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне беріледі.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілікті жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "Қарақия ауданы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен
  қаржыландырылатын аудандық атқарушы
  органдарының "Б" корпусы мемлекеттік
  әкімшілік қызметшілерінің қызметін
  бағалаудың әдістемесіне
  1-қосымша
  нысан

"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары __________________________________ жыл

      (жеке жоспар жасалатын кезең)

      Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_____________________

      ____________________________________________________________________

      Қызметшінің лауазымы:_______________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:___________________________

      ____________________________________________________________________

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштер*

Күтілетін нәтижелер

1

Мақсаттық көрсеткіш 1


2

Мақсаттық көрсеткіш 2


3

Мақсаттық көрсеткіш 3


4


      Ескертпе:

      *- Мақсаттық көрсеткіштер "Қарақия ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.

Қызметші

_______________________________
(тегі, аты-жөні)
күні __________________________
қолы__________________________

Тікелей басшы

_______________________________
(тегі, аты-жөні)
күні_______________________________
қолы______________________________


  "Қарақия ауданы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен
  қаржыландырылатын аудандық атқарушы
  органдарының "Б" корпусы мемлекеттік
  әкімшілік қызметшілерінің қызметін
  бағалаудың әдістемесіне
  2-қосымша
  нысан

Бағалау парағы

      _____________________тоқсан_____жыл

      (бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):___________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:________

      ____________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындаушылық тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін
бұзу фактілері туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындаушылық тәртібін бұзу фактілері туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін
бұзу фактілері туралы мәліметтер

1








2








3









 
Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:



Қызметші

_______________________________
(тегі, аты-жөні)
күні __________________________
қолы__________________________

Тікелей басшы

_______________________________
(тегі, аты-жөні)
күні_______________________________
қолы______________________________


  "Қарақия ауданы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен
  қаржыландырылатын аудандық атқарушы
  органдарының "Б" корпусы мемлекеттік
  әкімшілік қызметшілерінің қызметін
  бағалаудың әдістемесіне
  3-қосымша
  нысан

Бағалау парағы _________________________________________________ жыл

      (бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда):______________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:________

      ____________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы:

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

Маңызы

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




2

2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




3

3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін




4






Қызметші

_______________________________
(тегі, аты-жөні)
күні __________________________
қолы__________________________

Тікелей басшы

__________________________________
(тегі, аты-жөні)
күні_______________________________
қолы______________________________


  "Қарақия ауданы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен
  қаржыландырылатын аудандық атқарушы
  органдарының "Б" корпусы мемлекеттік
  әкімшілік қызметшілерінің қызметін
  бағалаудың әдістемесіне
  4-қосымша
  нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы ______________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ________________________________________________________________________________ (бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең (тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері


р/с

Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Бағалау нәтижелерін Комиссияның түзетуі (болған жағдайда)

Комиссияның ұсынымдары

1.





2.





...






      Комиссия қорытындысы:

      ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы:_______________________________ Күні: ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы:________________________________ Күні: ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі:__________________________________ Күні: ________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Каракиянского района", районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета

Постановление акимата Каракиянского района Мангистауской области от 14 февраля 2017 года № 38. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 10 марта 2017 года № 3288. Утратило силу постановлением акимата Каракиянского района Мангистауской области от 3 апреля 2018 года № 91

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каракиянского района Мангистауской области от 03.04.2018 № 91 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2016 года №110 "О некоторых вопросах оценки деятельности государственных служащих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14637), акимат Каракиянского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Каракиянского района", районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата Каракиянского района от 27 мая 2016 года № 155 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета Каракиянского района" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3070, опубликовано 30 июня 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Каракиянского района" (Таубаев А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Таубаева А.Б.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А. Дауылбаев

  Утверждена
  постановлением акимата
  Каракиянского района
  от 14 февраля 2017 года
  № 38

Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Каракиянского района", районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета 1. Общие положения

      1. Настоящая Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Каракиянского района", районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяет алгоритм оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Каракиянского района", районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета (далее – служащие корпуса "Б").

      2. Оценка деятельности служащих корпуса "Б" (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.

      3. Оценка проводится по результатам деятельности служащего корпуса "Б" на занимаемой должности:

      1) по итогам квартала (квартальная оценка) – не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом (за исключением четвертого квартала, оценка которого проводится не позднее десятого декабря);

      2) по итогам года (годовая оценка) – не позднее двадцать пятого декабря оцениваемого года.

      Оценка служащего корпуса "Б" не проводится в случаях, если срок пребывания на занимаемой должности в оцениваемом периоде составляет менее трех месяцев, а также в период испытательного срока.

      Служащие корпуса "Б" находящиеся в социальных отпусках, либо периоде временной нетрудоспособности, проходят оценку в течение 5 рабочих дней после выхода на работу.

      4. Квартальная оценка проводится непосредственным руководителем и основывается на оценке исполнения служащим корпуса "Б" должностных обязанностей.

      Непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.

      Для акимов сельских округов и сел и руководителей районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета, оценка проводится акимом района, либо по его уполномочию одним из его заместителей.

      5. Годовая оценка складывается из:

      1) средней оценки служащего корпуса "Б" за отчетные кварталы;

      2) оценки выполнения служащим корпуса "Б" индивидуального плана работы.

      6. Для проведения оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима Каракиянского района" (далее – аппарат акима Каракиянского района), районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б" создается Комиссия по оценке, рабочим органом которой является отдел управления персоналом аппарата акима Каракиянского района.

      7. Заседание Комиссии по оценке считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.

      Замена отсутствующего члена или председателя Комиссии по оценке осуществляется по решению уполномоченного лица путем внесения изменения в приказ о создании комиссии по оценке.

      8. Решение Комиссии по оценке принимается открытым голосованием.

      9. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии по оценке. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим.

      Секретарем Комиссии по оценке, созданной в аппарате акима Каракиянского района, является сотрудник отдела управления персоналом аппарата акима Каракиянского района. Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.

2. Составление индивидуального плана работы

      10. Индивидуальный план работы составляется служащим корпуса "Б" совместно с его непосредственным руководителем не позднее десятого января оцениваемого года, по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике.

      11. При назначении служащего корпуса "Б" на должность после срока, указанного в пункте 10 настоящей Методики срока, индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" на занимаемой должности составляется в течение десяти рабочих дней со дня его назначения на должность.

      12. Количество целевых показателей в индивидуальном плане работы служащего корпуса "Б" составляет не более четырех, которые должны быть конкретными, измеримыми, достижимыми, с определенным сроком исполнения

      13. Индивидуальный план составляется в двух экземплярах. Один экземпляр передается в отдел управления персоналом аппарата акима Каракиянского района. Второй экземпляр находится у непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

3. Подготовка к проведению оценки

      14. Отдел управления персоналом аппарата акима Каракиянского района формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии по оценке.

      Отдел управления персоналом аппарата акима Каракиянского района обеспечивает своевременное уведомление служащего корпуса "Б", подлежащего оценке, и лиц, осуществляющих оценку, о проведении оценки направляет им оценочные листы для заполнения.

4. Квартальная оценка исполнения должностных обязанностей

      15. Оценка исполнения должностных обязанностей складывается из базовых, поощрительных и штрафных баллов.

      16. Базовые баллы устанавливаются на уровне 100 баллов за выполнение служащим своих должностных обязанностей.

      17. Поощрительные баллы выставляются за показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы, а также виды деятельности, являющиеся сложными в содержательном и/или организационном плане.

      18. Показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы и сложные виды деятельности определяются государственными органами самостоятельно исходя из своей отраслевой специфики и распределяются по пятиуровневой шкале в порядке возрастания объема и сложности осуществляемой работы. При этом в число поощряемых показателей и видов деятельности могут входить как фиксируемые, так и нефиксируемые в Единой системе электронного документооборота и Интранет-портале государственных органов документы и мероприятия.

      За каждый поощряемый показатель или вид деятельности служащему корпуса "Б" непосредственным руководителем присваиваются в соответствии с утвержденной шкалой от "+1" до "+5" баллов.

      19. Штрафные баллы выставляются за нарушения исполнительской и трудовой дисциплины.

      20. К нарушениям исполнительской дисциплины относятся нарушения сроков исполнения поручений вышестоящих органов, руководства государственного органа, непосредственного руководителя и обращений физических и юридических лиц.       Источниками информации о фактах исполнительской дисциплины служат документально подтвержденные сведения от службы документооборота и непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

      21. К нарушениям трудовой дисциплины относятся:

      1) опоздания на работу без уважительной причины;

      2) нарушения служащими служебной этики.

      Источниками информации о фактах нарушения трудовой дисциплины служат документально подтвержденные сведения от службы управления персоналом и непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

      22. За каждое нарушение исполнительской и трудовой дисциплины служащему корпуса "Б" выставляются штрафные баллы в размере "–2" балла за каждый факт нарушения.

      23. Для проведения оценки исполнения должностных обязанностей служащий корпуса "Б" представляет для согласования заполненный оценочный лист непосредственному руководителю по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.

      24. Непосредственный руководитель с учетом представленных службой управления персоналом, службой документооборота сведений о фактах нарушения служащим корпуса "Б" трудовой и исполнительской дисциплины, рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.

      25. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист подписывается служащим корпуса "Б".

      Отказ служащего корпуса "Б" от подписания оценочного листа не является препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае служащим отдела управления персоналом аппарата акима Каракиянского района и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      26. Итоговая квартальная оценка служащего корпуса "Б" вычисляется непосредственным руководителем по следующей формуле:



      где



      – квартальная оценка;

      а – поощрительные баллы;

      в – штрафные баллы.

      27. Итоговая квартальная оценка выставляется по следующей шкале: менее 80 баллов – "неудовлетворительно", от 80 до 105 (включительно) баллов – "удовлетворительно", от 106 до 130 (включительно) баллов – "эффективно", свыше 130 баллов – "превосходно".

5. Годовая оценка

      28. Для проведения годовой оценки служащий корпуса "Б" направляет для согласования заполненный оценочный лист выполнения индивидуального плана непосредственному руководителю по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.

      29. Непосредственный руководитель рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.

      30. Оценка выполнения индивидуального плана работы выставляется по следующей шкале:

      за невыполнение целевого показателя, предусмотренного индивидуальным планом работы, присваивается 2 балла;

      за частичное выполнение целевого показателя - 3 балла;

      за выполнение целевого показателя (достижение ожидаемого результата) - 4 балла;

      за превышение ожидаемого результата целевого показателя - 5 баллов.

      31. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист заверяется служащим корпуса "Б".

      Отказ от подписания оценочного листа служащего корпуса "Б" не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае служащим отдела управления персоналом аппарата акима Каракиянского района и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      32. Итоговая годовая оценка служащего корпуса "Б" вычисляется отделом управления персоналом аппарата акима Каракиянского района не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по оценке по следующей формуле:


,

      где:



      – годовая оценка;

     


      – средняя оценка за отчетные кварталы (среднеарифметическое значение).

      При этом полученное среднеарифметическое значение квартальных оценок с учетом шкалы, указанной в пункте 28 настоящей Методики, приводится к пятибалльной системе оценок, а именно:

      значению "неудовлетворительно" (менее 80 баллов) присваиваются 2 балла,

      значению "удовлетворительно" (от 80 до 105 баллов) – 3 балла,

      значению "эффективно" (от 106 до 130 (включительно) баллов) – 4 балла,

      значению "превосходно" (свыше 130 баллов) – 5 баллов;

     


      – оценка выполнения индивидуального плана работы (среднеарифметическое значение).

      33. Итоговая годовая оценка выставляется по следующей шкале: менее 3 баллов – "неудовлетворительно", от 3 до 3,9 баллов – "удовлетворительно", от 4 до 4,9 баллов – "эффективно", 5 баллов – "превосходно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      34. Отдел управления персоналом аппарата акима Каракиянского района обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.

      Отдел управления персоналом аппарата акима Каракиянского района предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:

      1) заполненные оценочные листы;

      2) должностная инструкция служащего корпуса "Б";

      3) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 4 к настоящей Методике.

      35. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:

      1) утвердить результаты оценки;

      2) пересмотреть результаты оценки.

      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе.

      36. Отдел управления персоналом аппарата акима Каракиянского района ознакамливает служащего корпуса "Б" с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.

      Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего корпуса "Б" от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае сотрудником отдела управления персоналом аппарата акима Каракиянского района в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      37. Документы, указанные в пункте 34 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в отделе управления персоналом аппарата акима Каракиянского района.

7. Обжалование результатов оценки

      38. Обжалование решения Комиссии служащим корпуса "Б" в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.

      39. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего корпуса "Б" осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует аппарату акима Каракиянского района отменить решение Комиссии.

      40. Информация о принятом решении представляется аппаратом акима Каракиянского района в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.

      41. Служащий корпуса "Б" вправе обжаловать результаты оценки в суде.

8. Принятие решений по результатам оценки

      42. Результаты оценки являются основаниями для принятия решений по выплате бонусов и обучению.

      43. Бонусы выплачиваются служащим корпуса "Б" с результатами оценки "превосходно" и "эффективно".

      44. Обучение (повышение квалификации) служащего корпуса "Б" проводится по направлению, по которому деятельность служащего корпуса "Б" по итогам годовой оценки признана неудовлетворительной.

      Служащий корпуса "Б" направляется на курсы повышения квалификации в течение трех месяцев после утверждения Комиссией результатов годовой оценки его деятельности.

      45. Служащий корпуса "Б", получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.

      46. Результаты оценки служащего корпуса "Б" по итогам двух лет подряд со значением "неудовлетворительно" являются основанием для принятия решения о понижении его в должности. При отсутствии любой вакантной нижестоящей должности служащий корпуса "Б" увольняется в порядке, установленном законодательством.

      47. Результаты оценки деятельности служащих корпуса "Б" вносятся в их послужные списки.

  Приложение 1 к Методике оценки деятельности
  административных государственных
  служащих корпуса "Б" государственного
  учреждения "Аппарат акима Каракиянского района", районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета форма

Индивидуальный план работы административного государственного служащего корпуса "Б" __________________________________год

      (период, на который составляется индивидуальный план)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) служащего: _____________________ ____________________________________________________________________

      Должность служащего: ________________________________________________

      Наименование структурного подразделения служащего:____________________

      __________________________________________________________________________


п/п

Целевые показатели *

Ожидаемый результат

1

Целевой показатель 1


2

Целевой показатель 2


3

Целевой показатель 3


4


      Примечание:

      * - Целевые показатели определяются с учетом их направленности на достижение стратегической цели (целей) государственного учреждения "Аппарат акима Каракиянского района", районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета, а в случае ее (их) отсутствия, исходя из функциональных обязанностей служащего.

      Количество целевых показателей составляет не более четырех, из них не менее половины измеримых.

Служащий

____________________________________
(фамилия, инициалы)
дата ______________________________
подпись ___________________________

Непосредственный руководитель
__________________________________________
(фамилия, инициалы)
дата ___________________________________
подпись ________________________________

  Приложение 2
  к Методике оценки деятельности
  административных государственных
  служащих корпуса "Б" государственного
  учреждения "Аппарат акима Каракиянского района", районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета
  форма

Оценочный лист ___________________квартал ____ года

      (оцениваемый период)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) оцениваемого служащего: _________ ____________________________________________________________________

      Должность оцениваемого служащего: ___________________________________

      Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего:________

      ____________________________________________________________________

      Оценка исполнения должностных обязанностей:

№ п/п

Самооценка служащего

Оценка непосредственного руководителя

Примечание

Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности

Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины

Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины

Сведения о поощряемых показателях
и видах деятельности

Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины

Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины

1








2








3









Результат самооценки:

Результат оценки:



Служащий

____________________________________
(фамилия, инициалы)
дата ______________________________
подпись ___________________________

Непосредственный руководитель

________________________________________
(фамилия, инициалы)
дата ___________________________________
подпись ________________________________


  Приложение 3
  к Методике оценки деятельности
  административных государственных
  служащих корпуса "Б" государственного
  учреждения "Аппарат акима Каракиянского района", районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета
  форма

Оценочный лист __________________________год

      (оцениваемый год)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) оцениваемого служащего: _________ ____________________________________________________________________

      Должность оцениваемого служащего: ___________________________________

      Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего:________

      ____________________________________________________________________

      Оценка выполнения индивидуального плана:

№ п/п

Результат целевого показателя

Значение

Результаты самооценки служащего

Результаты оценки руководителя

Примечание

1

Результат целевого показателя 1

от 2 до 5




2

Результат целевого показателя 2

от 2 до 5




3

Результат целевого показателя 3

от 2 до 5




4






Служащий

____________________________________
(фамилия, инициалы)
дата ______________________________
подпись ___________________________

Непосредственный руководитель

__________________________________________
(фамилия, инициалы)
дата ___________________________________
подпись ________________________________


  Приложение 4
  к Методике оценки деятельности
  административных государственных
  служащих корпуса "Б" государственного
  учреждения "Аппарат акима Каракиянского района", районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета
  форма

      Протокол заседания Комиссии по оценке

       _________________________________________________________________________

       (наименование государственного органа)

      ____________________________________________________________________

      (вид оценки: квартальная/годовая и оцениваемый период (квартал и (или) год)

      Результаты оценки


п/п

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) служащих

Сведения о результатах оценки

Корректировка Комиссией результатов оценки (в случае наличия)

Рекомендации Комиссии

1.





2.





...





      Заключение Комиссии:________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Проверено:

      Секретарь Комиссии:_________________________________ Дата: ________

      (Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)

      Председатель Комиссии:______________________________ Дата: ________

      (Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)

      Член Комиссии:____________________________________ Дата: ________

      (Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)