Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 23.09.2020 № 41/442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы №4/41 "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3146 болып тіркелген, 2016 жылы 13 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны болып Шетпе ауылының орталық алаңы белгіленсін".
2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ.Шалабаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Сарбалаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау ауданының әкімі
Айтуаров Жармаганбет Кайырмаганбетович
9.03. 2017 жыл
"Маңғыстау аудандық жер қатынастары,
сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Кожаев Еркин Егеубаевич
9.03. 2017 жыл
"Маңғыстау аудандық ішкі саясат және
тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ауданбаева Азиза Айдыновна
9.03. 2017 жыл
"Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Калиев Адайбек Утемисович
9.03. 2017 жыл
"Маңғыстау облысының ішкі істер
департаменті Маңғыстау ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Толенов Абылхан Айткулович
9.03. 2017 жыл