"Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Маңғыстау ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 91 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 3350 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 133 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 18.06.2020 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Маңғыстау ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-аудан әкімі аппараты) (А.Аққұлов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Аққұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Айтуаров

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  27 наурыз 2017 жылғы
  № 91 қаулысымен
бекітілген

"Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Маңғыстау ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы

      1. Осы "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Маңғыстау ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппарат), Маңғыстау ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының (бұдан әрі – ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары), аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының (бұдан әрі – атқарушы органдар) қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.

      2. Қызметтік куәлік (бұдан әрі – Куәлік) мемлекеттік әкімшілік қызметшімен аппаратта, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарында, атқарушы органдарда атқаратын лауазымын растайтын құжат болып табылады.

      3.Куәлік белгіленген тәртіппен:

      1) аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына, ауылдар, ауылдық округтер әкімдеріне, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына, аудан әкімі тағайындайтын аппараттың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне - аудан әкімінің;

      2) ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне - тиісті ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, атқарушы органдардың басшыларының қолы қойылып беріледі.

      4. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған кезде белгіленбеген мерзімге беріледі.

      5. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, мемлекеттік әкімшілік қызметші өкімнің/бұйрықтың шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде куәлікті кадр қызметіне тапсырады.

      6. Куәлікті ауыстырған жағдайларда бұрын берілген куәлік қайтарылуға жатады.

      7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алу осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірленетін және тігілетін, қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналдарында жүзеге асырылады.

      Куәліктерді есептен шығару және жою кадр қызметімен осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік куәліктерді есептен шығару және жою актісі жасала отырып жүргізіледі.

      8. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметші үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда кадр қызметін хабардар етеді.

      9. Қызметтік куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ қызметтік куәлікті басқа тұлғаларға беру, қызметтік куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша кадр қызметімен қызметтік тексеру жүргізу қажеттілігі қаралады.

      10. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлік мемлекеттік әкімшілік қызметшінің өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.

      11. Куәлік мұқаба мен жапсырмалардан тұрады.

      Мұқаба көгілдір түсті былғары алмастырғыштан дайындалады, ашық түріндегі өлшемі - 65х190 миллиметр. Мұқабаның беткі жағында, ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, төменде баспаханалық шрифтімен "куәлік", "удостоверение" жазбасы орналасқан.

      Жапсырмалардың ішкі жағы (өлшемі - 60х90 миллиметр) көгілдір түсті тангир торы аясында шеңбер ішіндегі күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасы қолдана отырып орындалған.

      Жапсырмалардың жоғары бөлігінде, екі жағынан да "Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы", "Республика Казахстан Мангистауская область" жазбасы мен тиісті мемлекеттік органның атауы (қызыл түсті қою шрифтімен) мемлекеттік (сол жапсырмада) және орыс (оң жапсырмада) тілдерінде жазылады. Олардан төмен үзік жолақпен бөлектелген "Қазақстан Республикасы" (қызыл түсті, шрифт өлшемі - 4) жазбасы орналасқан.

      Сол жапсырмада: фотосурет (3х4 сантиметр өлшемде), орталығында куәліктің нөмірі көрсетіледі және "куәлік" жазбасы (қара түсті қою шрифтімен) орналасқан, олардың астында жол-жолымен мемлекеттік тілде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қара түсті қою шрифтімен, шрифті өлшемі - 14) және лауазымы (қара түсті қою курсивті шрифтімен) көрсетіледі. Төменде "Берілген күні" (курсивті шрифтімен) жазбасы орындалған және куәліктің берілген күні көрсетіледі.

      Оң жапсырмада: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, оның астында көгілдір түсті "Қазақстан" жазбасы орналасқан, орталығында "удостоверение" жазбасы орналасқан және куәліктің нөмірі (қара түсті қою шрифтімен) көрсетіледі, олардың астында жол-жолымен орыс тілінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қара түсті қою шрифтімен, шрифті өлшемі - 14) және лауазымы (қара түсті қою курсивті шрифтімен) көрсетіледі. Төменде "Дата выдачи" (курсивті шрифтімен) жазбасы орындалған және куәліктің берілген күні көрсетіледі.

      12. Куәлік басшылықтың қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

  "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты"
  мемлекеттік мекемесінің, Маңғыстау
ауданының ауылдар, ауылдық
округтер әкімдері аппараттарының,
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын
  аудандық атқарушы органдарының
  қызметтік куәлігін беру қағидаларына
  және оның сипаттамасына
  1 қосымша
  Нысан

Қызметтік куәліктерді беру және қайтару журналы

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Атқаратын лауазымы

Куәлік №

Беру күні

Алғандығы туралы қолы

Тапсыру күні

Тапсырғандығы туралы қолы








      Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген болуы тиіс.

  "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің, Маңғыстау
ауданының ауылдар, ауылдық
округтер әкімдері аппараттарының,
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын
  аудандық атқарушы органдарының
  қызметтік куәлігін беру қағидаларына
  және оның сипаттамасына
  2 қосымша
  Нысан

      Ұйымның атауы

АКТІ

      ______________            _____________                   №_____________

      жасалу орны                   күні

      Біз төменде қол қойғандар (3-тен кем емес қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, Маңғыстау ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасының 7 тармағының негізінде қызметкердің есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп:__________________ байланысты ___________ тізімге сәйкес:

      оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасадық:


      Лауазымның атауы                                     Қолы


      Лауазымның атауы                                     Қолы


      Лауазымның атауы                                     Қолы

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат акима Мангистауского района", аппаратов акимов сел, сельских округов Мангистауского района, районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и его описание

Постановление акимата Мангистауского района Мангистауской области от 27 марта 2017 года № 91. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 28 апреля 2017 года № 3350. Утратило силу постановлением акимата Мангистауского района Мангистауской области от 18 июня 2020 года № 133

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мангистауского района Мангистауской области от 18.06.2020 № 133(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" акимат Мангистауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат акима Мангистауского района", аппаратов акимов сел, сельских округов Мангистауского района, районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и его описание.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Мангистауского района" (далее-аппарат акима района) (Аккулов А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Аккулова А.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Ж.Айтуаров

  Утверждены
  постановлением акимата
  Мангистауского района
  от 27 марта 2017 года
  № 91

Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат акима Мангистауского района", аппаратов акимов сел, сельских округов Мангистауского района, районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и его описание

      1.Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат акима Мангистауского района", аппаратов акимов сел, сельских округов Мангистауского района, районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета и его описание (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяет порядок выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат акима Мангистауского района" (далее – аппарат), аппаратов акимов сел, сельских округов Мангистауского района (далее - аппараты акимов сел, сельских округов), районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета (далее - исполнительные органы) и его описание.

      2. Служебное удостоверение (далее–удостоверение) является документом, подтверждающим занимаемую административным государственным служащим должность в аппарате, в аппаратах акимов сел, сельских округов, в исполнительных органах.

      3. Удостоверение выдается в установленном порядке за подписью:

      1) акима района - заместителям акима района, руководителю аппарата, акимам сел, сельских округов, руководителям исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета административным государственным служащим корпуса "Б" аппарата, назначаемых акимом района;

      2) соответствующих акимов сел, сельских округов, руководителей исполнительных органов – административным государственным служащим корпуса "Б" аппаратов акимов сел, сельских округов, исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета.

      4. Удостоверение выдается на неопределенный срок при назначении на должность, перемещении (переназначении), порче, утере.

      5. При освобождении от занимаемой должности, увольнении со службы, перемещении (переназначении), административный государственный служащий в течение трех рабочих дней со дня издания распоряжения/приказа сдает удостоверение в кадровую службу.

      6. В случаях замены удостоверения, ранее выданное удостоверение подлежит возврату.

      7. Учет выдачи и возврата удостоверений осуществляется в журналах выдачи и возврата служебных удостоверений, которые пронумеровываются и прошнуровываются по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Списание и уничтожение удостоверений производится кадровой службой с составлением акта списания и уничтожения служебных удостоверений по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      8. В случае утраты или порчи удостоверения административный государственный служащий в течение трех рабочих дней в письменной форме извещает кадровую службу.

      9. По каждому факту утери, порчи служебного удостоверения, произошедшего в результате недобросовестного его хранения, а также передачи служебного удостоверения другим лицам, использования служебного удостоверения в личных внеслужебных целях, кадровой службой рассматривается необходимость проведения служебного расследования.

      10. Утраченное или испорченное по вине административного государственного служащего удостоверение восстанавливается за счет собственных средств административного государственного служащего.

      11. Удостоверение состоит из обложки и вкладышей.

      Обложка изготавливается из кожзаменителя, голубого цвета, размер в развернутом виде - 65х190 миллиметра. На лицевой стороне обложки, по центру изображен Государственный герб Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом размещена надпись "куәлік", "удостоверение".

      Внутренняя сторона вкладышей (размер - 60х90 миллиметра) выполнена на фоне тангирной сетки голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге.

      В верхней части вкладышей, с двух сторон прописывается надписи "Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы", "Республика Казахстан Мангистауская область" и на государственном (на левом вкладыше) и русском (на правом вкладыше) языках наименование соответствующего государственного органа (жирным шрифтом красного цвета). Под ними отделяющиеся отбивочной полосой размещена надпись "Қазақстан Республикасы" (красного цвета, размер шрифта - 4).

      На левом вкладыше: фотография (размером 3х4 сантиметра), в центре указывается номер удостоверения и размещена надпись "куәлік" (жирным шрифтом черного цвета), под ними построчно на государственном языке фамилия, имя, отчество (при его наличии) (жирным шрифтом черного цвета, размер шрифта - 14) и должность (жирным-курсивным шрифтом черного цвета). Ниже выполнена надпись "Берілген күні" (курсивным шрифтом) и указывается дата выдачи удостоверения.

      На правом вкладыше: изображен Государственный герб Республики Казахстан и под ним размещена надпись голубого цвета "Қазақстан", в центре размещена надпись "удостоверение" и указывается номер удостоверения (жирным шрифтом черного цвета), под ними построчно на русском языке фамилия, имя, отчество (при его наличии) (жирным шрифтом черного цвета, размер шрифта - 14) и должность (жирным-курсивным шрифтом черного цвета). Ниже выполнена надпись "Дата выдачи" (курсивным шрифтом) и указывается дата выдачи удостоверения.

      12. Удостоверение заверяется подписью руководства и скрепляется гербовой печатью.

  Приложение 1
к Правилам выдачи служебного
удостоверения государственного
учреждения "Аппарат акима
Мангистауского района", аппаратов
акимов сел, сельских округов
Мангистауского района, районных
  исполнительных органов, финансируемых
  из районного бюджета и его описанию
  Форма

Журнал выдачи и возврата служебных удостоверений

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занимаемая должность

№ удостоверения

Дата выдачи

Роспись о получении

Дата сдачи

Роспись о сдачи








      Примечание: журнал должен быть прошнурован, пронумерован.

  Приложение 2
к Правилам выдачи служебного
удостоверения государственного
учреждения "Аппарат акима
Мангистауского района", аппаратов
акимов сел, сельских округов
Мангистауского района, районных
  исполнительных органов, финансируемых
  из районного бюджета и его описанию
  Форма

      Наименование организации

АКТ

      ___________________       _______________             №____________

      место составления                   дата

      Мы, ниже подписавшиеся (не менее 3-х работников, указать фамилию, имя, отчество (при наличии), занимаемую должность), на основании пункта 5 Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения Аппарат акима Мангистауского района, аппаратов акимов сел, сельских округов Мангистауского района, районных исполнительных органов, финансируемых из районного бюджета, и его описание, изучив собранные к списанию и уничтожению утратившие практическое значение удостоверения работников в связи ______________________ согласно списку __________________________ :

      составили настоящий акт по их списанию и уничтожению:


      Наименование должности                               Подпись

      Наименование должности                               Подпись

      Наименование должности                               Подпись