Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 12.05.2020 № 37/419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С.Үркімбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Сарбалаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Калиев Адайбек Утемисович
"3" 05. 2017 жыл
Маңғыстау аудандық мәслихатының | |
2017 жылғы 3 мамырдағы | |
№8/101 шешіміне | |
қосымша |
Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептік бірлік |
Баға, теңгемен | |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифі | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері |
1 м³ | 1488,16 |
Жеке тұлғалар |
1 адам/айына | 167,68 | ||
2 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі | Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері |
1 м³ | 3682,47 |
Жеке тұлғалар | 1 адам/айына | 167,68 | ||
3 | Елді мекендердің аумағынан, көшелерден, шағын аудандардың арасынан және қоғамдық орындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифі (санитарлық тазалықты қамтамасыз ету) | 1 м³ | 20955,31 |
Ескерту:
Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС – қосылған құн салығы.