Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 3 мамырдағы № 8/101 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 маусымда № 3367 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 12 мамырдағы № 37/419 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 12.05.2020 № 37/419 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С.Үркімбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Сарбалаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылық, жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Калиев Адайбек Утемисович

      "3" 05. 2017 жыл

  Маңғыстау аудандық мәслихатының
  2017 жылғы 3 мамырдағы
  №8/101 шешіміне
  қосымша

Маңғыстау ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Баға, теңгемен
(ҚҚС жоқ)

1

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифі

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м³

1488,16

Жеке тұлғалар

1 адам/айына

167,68

2

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м³

3682,47

Жеке тұлғалар

1 адам/айына

167,68

3

Елді мекендердің аумағынан, көшелерден, шағын аудандардың арасынан және қоғамдық орындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифі (санитарлық тазалықты қамтамасыз ету)

1 м³

20955,31

      Ескерту:

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады