Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 11/96 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 маусымда № 3368 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 18 сәуірдегі 2024 жылғы №13/75 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 18.04.2024 №13/75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 10 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 76 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 10-15-1531 ұсынысының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2241 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірдегі "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:

      7 тармақта:

      1) және 3) тармақшалар келесідей мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

      3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;".

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А.Берішбаева
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту,

      әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық

      хал актілерін тіркеу бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Г.Беришбаева

      15 мамыр 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық экономика

      және қаржы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысының міндетін

      атқарушы

      А.Исатаева

      15 мамыр 2017 жыл

О внесении изменений в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 марта 2013 года № 10/76 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"

Решение Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 15 мая 2017 года № 11/96. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 2 июня 2017 года № 3368. Утратило силу решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 18 апреля 2024 года № 13/75.

      Сноска. Утратило силу решением Тупкараганского районного маслихата Мангистауской области от 18.04.2024 № 13/75 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2017 года № 76 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" и от 26 июня 2012 года № 856 "Об утверждении Правил постановки на учет граждан Республики Казахстан, нуждающихся в жилище из государственного жилищного фонда или жилище, арендованном местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и на основании представления департамента юстиции Мангистауской области от 10 марта 2017 года № 10-15-1531, Тупкараганский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Тупкараганского районного маслихата от 20 марта 2013 года № 10/76 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2241, опубликовано в газете "Ақкетік арайы" от 30 апреля 2013 года) следующие изменения:

      в Правилах определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам):

      в пункте 7:

      подпункты 1) и 3) изложить в новой редакции следующего содержания:

      "1) документ, удостоверяющий личность заявителя (представляется для идентификации личности услугополучателя);

      3) адресную справку либо справку сельских акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Тупкараганского районного маслихата" (руководитель аппарата Избен А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А.Берішбаева
      Секретарь районного маслихата А.Досанова

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного учреждения

      "Тупкараганский районный отдел занятости,

      социальных программ и регистрации актов

      гражданского состояния"

      Г.Беришбаева

      15 мая 2017 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Исполняющая обязанности руководителя

      государственного учреждения

      "Тупкараганский районный отдел

      экономики и финансов"

      А.Исатаева

      15 мая 2017 года